Шешілмеген жұмбақ – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шешілмеген жұмбақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2346
Өлең жазу қиындап бара жатыр,
Дала жатыр, жырла деп қала жатыр.
Сезімімнің ішегі шертілмеген,
Сезінгенім түкке аспай қалады ақыр!
(Ж. АМАНОВ. Құрыш қолдар. 41-бет)
Дала жатыр, жырла деп қала жатыр,
Ана жатыр, шырылдап бала жатыр.
Батыр аз да, бұл күнде ақындар көп,
Өлең жазу қиындап бара жатыр.
Қай күніңе жетеді қаламақың? –
Алатының мардымсыз қара бақыр.
Болғанымен ұйқасы,
Шипасы жоқ,
Өлең жазу қиындап бара жатыр.
Сенбейсің бе,
Сын көзбен қара да тұр,
Жазғандарым түкке аспай қалады ақыр.
Шертетінім – сезімсіз сылдыр сөздер,
Өлең шіркін қиындап бара жатыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шешілмеген жұмбақ өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шешілмеген жұмбақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шешілмеген жұмбақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шешілмеген жұмбақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері