Ізденіс – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ізденіс» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1176
Жеңгейлер де бар ма деп жесір қалған,
Сыздықтатып сыр тартам не сырлардан.
Тұяғынан аттардың жата қалып,
Күй тыңдаймын келешек ғасырлардан.
(Ө.НҰРҒАЛИЕВ. Қиял өрнегі. 17-бет)
Қарай-қарай қыздарға көзім талған,
Талай-талай төгілген сезім маржан.
Ары-бері алқынып, аласұрып,
Бір бұла күш бойымнан төзімді алған.
Бір бұла күш бойымнан төзімді алған,
Төзімді алған,
Есіріп есім танған.
Талай-талай есікті тарсылдаттым,
Жеңгейлерден бар ма деп жесір қалған.
Жеңгейлерді таба алмай жесір қалған
Сыздықтатып сыр тартқам не сырлардан.
Ақырында аттардың тұяғынан
Күй тыңдағам келешек ғасырлардан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ізденіс өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ізденіс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ізденіс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ізденіс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері