Шапанның шағымы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шапанның шағымы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2045
Қазақ салтында салмақты,
Шапан едім ардақты.
Құрметті қонақ келсе көбіне,
Отырғызып төріне,
Барынша сыйлап бағатын,
Иығына мені жабатын.
Қонақтың да көтеріліп көңілі,
Марқайып қалатын.
Мені үстінен тастамай киіп жүретін,
Мәртебесі өсіп, биік жүретін...
Кейде екі ауылдың арасында,
Мал не жесір дауы таласында,
Жеңілген жақ жеңген жақты
Мойындап нақты,
Астына ат мінгізіп,
Үстіне Шапан кигізіп,
Шығарып салатын,
Сонымен дау біте қалатын.
Ал, қазір олай емес,
Жаңа дәстүрді түсіну оңай емес.
Шапан дегенің ермек болды,
Шампан дегенің кермек болды.
Шапан деген атым қата болды,
Бағам жәй ғана мата болды.
Тойға келген қонақ болсын,
Атақ-даңқы зор-ақ болсын.
Мейлі, министр, ойшы болсын,
Мейлі, қарапайым қойшы болсын,
Иығына Шапан жабады,
Шапан кигізді деген атақ алады.
Шапан алған адам оны санап киеліге,
Үстінен тастамай киеді ме?
Үйіне бара лақтырып тастайды,
Басқа тойда басқа айлаға бастайды:
Сөздің тауып жүйесін,
Мадақтап той иесін,
Ұмыт қалған қашанғы,
Біреу кигізген Шапанды
Иығына жаба салады,
Көңілін таба салады...
Иә, оған сол жерде,
Сый-сияпат мол жерде
Бірнеше Шапан жабылар,
Өзге де қолдаушылар табылар.
Бірақ, бірақ, қатарға
Қосылып жатқан Шапан ба?
* * *
Қастерлі Шапан едім бір кезде,
Бөздік құным жоқ бұл кезде.
Қадірлеп кимесе бір күн де,
Не қасиетім бар бұл күнде?
Нақты айтқанда, қазақты жәй
Бұлайша мазақ қылмай,
Шапан жабу дегенді қою керек,
Бұл дәстүрді біржола жою керек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шапанның шағымы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шапанның шағымы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шапанның шағымы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шапанның шағымы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері