Москвадан кетерде – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Москвадан кетерде» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2015
  • 1
  • 3
  • 17052
Ұлиды боран,
Қарып тұр.
Сауықтыр мені, сауықтыр
Боранын-дағы Мәскеудің
Сімірейінші қанып бір.
Қылаулап, қылау жауып тұр,
Жалықтыр мейлі, жабықтыр.
Аспанның мынау ақ құсы
Тезірек ұшпай нағып тұр?!
Ұша алмай әзір налып құр
Ұшуды көксеп халық тұр.
Бәрі де бойын жазбақшы,
Кеңірек жерге барып бір.
Үйреніп қалған ұямдай,
Мәскеуді барам қия алмай.
Миллиондардың ішіне
Бір басым менің сия алмай
Еңсемді бір сәт жия алмай,
He бетімді айттым, Алматым,
He деймін саған ұялмай?...
Таңғы шақ.
Аяз сорып тұр.
Соғып тұр боран, соғып тұр.
Ақ құсым, мені аман-сау
Алматымменен жолықтыр.


Пікірлер (3)

Әсем

Маған мұқағали атамыздын жазған өлен дері қатты ұнайды

Фариза

Мұқағали Мақатаевтың Москвадан кетерде өлеңі ұнады

Маржан

Москвадан кетерде... Оқығанда өзімді сол жерде сезіндім. Боран ұлиды, жүрек сыздайды, бірақ Алматыға қарай ұшуға құлшыныс бар. Мұқағалидың лирикасы әрқашан осылай әсер етеді. Жақсы сақтап алдым, кейін қайта-қайта оқимын.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері