Өлең, жыр, ақындар

Ораз бен қораз

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1894
Баршагүлдің байы – Оразы болды,
Қорасында Қоразы болды.
Оразының көңілі кең еді,
Жұмысына барады, келеді.
Келгенде шаршап келеді,
Ыстық шәйді аңсап келеді.
Тамақтан соң қарын тойып,
Керек істің бәрін қойып,
Төсекке құлай кетеді,
Ұйқыға басып, сұлай кетеді.
Әйелімен ісі болмайды,
Еркек деген мысы болмайды.
Баршагүл болса мұңаяды:
«Оразы қашан тыңаяды?»
Қоразы болса бір тынбайды,
Күні-түні қутыңдайды.
Тауықтарға жуық келеді,
Тыңдамағанын қуып береді.
Тауықтар болса Қораздан соң,
Жұмыртқаларын туып береді.
Жұмыртқалар балапан болып,
Балапандарға балаған толып,
Шібилер шиқылдап жатады,
Енесі күй тыңдап жатады.
Осыны көрген Баршагүл болса,
Күйеуінен шаршады қанша?
Былай деді Оразына:
«Еркек болмай құрып кет,
Қара жерге кіріп кет.
Қарамайсың ба Қоразыңа.
Тауықтарға қырын келмейді,
Күні-түні тыным бермейді.
Балапандары көп болады,
Көңілі тоқ болады.
Ал, сен өзіңді кім дейсің?
Ойнамайсың, күлмейсің,
Ұйқыдан басқаны білмейсің,
Мені бейшара күң дейсің.
Алданыш болар баламыз жоқ,
Көзге түсер қарамыз жоқ.
Қарақан бас боп өтеміз бе?
Бір балапанға жетеміз бе?»
Оразға бұл сөз оқ боп тиді,
Іші өртеніп, шоқ боп күйді.
Содан соң Ораз ішіп кетті,
«Жаңа жолға» түсіп кетті.
Әр күн сайын қызып келіп,
Қабырғаны сүзіп келіп,
Аузына келгенін оттайтын болды,
Баршагүлді боқтайтын болды:
«Бала таппайтын бедеусің» деді,
Маған қандай демеусің?» деді.
Ораз сөйтіп Қораз болды,
Баршагүлмен араз болды,
Тыныш оянар таң аз болды.
* * *
Ораз да болмайық,
Қораз ба болмайық.
Ең бастысы, ерлі-зайыптылар,
Бір-бірімізбен араз да болмайық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жасай бер, ана

  • 0
  • 0

Айналайын аяулы асыл ана,
Ақ шағала күмістей шашың, ана.
Самғай ұшып кетсем де қияндарға,
Саған деген сағыныш басыла ма?

Толық

Ән салып тұр Алматы

  • 0
  • 0

Алматыма қарашы –
Ән мен күйдің қаласы.
Ән салады бүлдіршін
Қыздары мен баласы.

Толық

Жасырын бәйге

  • 0
  • 0

Ақтарар болсам мен жан сырын,
Жасырын бәйгеге қарсымын.
Өйткені, бұл заман, ол заман
Жасырын бәйгелер болмаған.

Толық

Қарап көріңіз