Елек пен Кебек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Елек пен Кебек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1110
Диірменде Елек тұрды,
Түскен дәнді елеп тұрды.
Тартылған дән әппақ ұн боп,
Ақ шанақта бөлек тұрды.
Талғауынан өтпей қалған
Қауыздары бөлек тұрды.
Налымады Кебек оған,
Күні жоқ қой өле қалған.
Қаптап алып кетіп жатты,
Қажетіне керек адам.
Десек-тағы Кебек еді,
Көп адамаға керек еді:
Бордақылау малдарына
Жақсы жем деп бере берді.
Жеді оны сиыры да,
Жеді оны құлыны да,
Жеді оны есегі де,
Тәтті екен деп шын ұғына.
Кебек содан Кебек болды,
Қошеметі бөлек болды.
Арық-тұрық азған малды
Семіртуге себеп болды.
Кебек содан кеуіп кетті,
Ақ ұнды да теуіп кетті.
Бірақ, бірақ, артына ол
Қандай өнім сеуіп кетті?
Түк те өнбей, кеуіп кетті.
* * *
Иә, уақыт Елек болады,
Еңбегіңді елеп болады.
Електен өткені көпке керек болады,
Өтпегені – керексіз Кебек болады,
Мүмкін, Кебек те керек болады,
Не деп болады?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елек пен Кебек өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Елек пен Кебек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елек пен Кебек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елек пен Кебек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері