Өлең, жыр, ақындар

Топлилер

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 987
Шенеунік болды шіренген,
Көңілі көкке тірелген.
Қарыны болды қампиған,
Танауы болды таңқиған.
Ауызы болды аңқиған,
Құлағы болды қалқиған.
Көздері болды шақиған,
Мойыны болды қақиған.
Еңкеюге шамасы бір келмейтін,
Оны өзіне мін көрмейтін.
Осы бейшара күйін біліп,
Бір жалшылар киіндіріп,
Бір жалшылар шешіндіретін,
Креслоға әрең көсілдіретін.
Топлилер оған наза болатын,
Бірақ, таза болатын.
Өйткені, екі топлиды екі адам,
Секілденіп есалаң,
Таңертең де, сәскеде,
Тамақтанар түсте де,
Бесінде де, кеште де,
Жандары қалмай көпке дейін,
Шаршап-шалдығып шөткелейтін.
Ал, қожайын аяғына қарап жүрмейтін де,
Топлиі бар екенін білмейтін де.
Бар білетіні: «Бере бер» дей беру,
Тынымсыз ішіп-жей беру.
Салдарынан осының
Өзгерткен адам пошымын:
Ойлану деген бос ұғым,
Ұқпайды – қасы, досы кім?
Локатор құлақ қалқиған,
Апандай аузы аңқиған.
Ашыла түсіп араны,
Ала, ала параны,
Қалта мен қарын қампиған.
Көре-көре осындай сұмдықты,
Топлилерге тіл бітті:
«Қожайын бізбен отты да басады,
Шоқты да басады,
Кейде сасық боқты да басады.
Түрмейтін тесігі болмайды,
Кірмейтін есігі қалмайды.
Параны ала береді, ала береді,
Қалтасына сала береді.
Аузына да мыта береді,
Талғамай жұта береді.
Қалтасының толғанын да білмейді,
Қарнының тойғанын да білмейді.
Ал, бізге қарамайды да,
Топлиім бар екен деп санамайды да.
Бүйтіп күн көргенше,
Арамдықты мың көргенше,
Өртеніп өлгеніміз жақсы,
Бізді көмгеніңіз жақсы.
Сонда бізді мазаламайсыңдар да,
Сағат сайын тазаламайсыңдар да.
Екі жалшы шыр ете қалды,
Дауыстары қарлығып, қыр ете қалды:
– Ойбай, үндемеңіз, үндемеңіз,
Сендерді өртесек, қалай күн көреміз?
Ашығып бала-шағамыз,
Өзіміз далада қаламыз.
Біздерді есіркеңдер,
Тозбаңдар, тесілмеңдер.
Сендер жалтырай беріңдер,
Біздер-ақ қалтырай берейік.
Қожайын не десе де үндемейік,
Амалдап күн көрейік...
Топлилер тұрғанмен таяп кекті,
Жалшыларды аяп кетті.
Барлығы баяғы қалпына келді,
Қожайынның қойған шартына көнді:
От бас десе, от басты,
Щоқ бас десе, шоқ басты,
Боқ бас десе, боқ басты.
Қысқасы, қожайынның аранын
Әділетті сот басты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зеңбіректер мен желкендер

  • 0
  • 0

Желкендер мен Зеңбіректер бұрынғы
Қоздырды жаулық жарасын.
Зеңбіректер көтеріп ап мұрынды,
Көк төсіне үңілді:

Толық

Оралдың масасын-ай

  • 0
  • 0

Оралға барсаң оңбайсың,
Масасы талап, сорлайсың.
Керемет қонақүйіне
Бір күн де жөндеп қонбайсың.

Толық

Сотқар

  • 0
  • 0

Дәулетхан даладан
Бөлмеге келді де,
Отырған манадан
Жанатты көрді де:

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар