Құдайыңды ұмытсаң – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Құдайыңды ұмытсаң» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1231
Құдайыңды ұмытсаң,
Дүниеге құнықсаң,
Сенің кім болғаның?
Дүниеге құл болғаның.
Бірақ, білмей өзіңді.
Жұрдай қылып сезімді,
Шел басады көзіңді.
Көз алдыңды көрмейсің,
Өзіңді ғана «Мен» дейсің.
Ешкімге ерік бермейсің,
Оңды-солды сермейсің.
Құдай бәрін көріп отыр,
Пендесіне ерік беріп отыр.
Шалыс басқаныңмен,
Асып-тасқаныңмен,
Иманына бір келер деп сеніп отыр.
Сенімді ақтамасаң,
Иманыңды сақтамасаң,
Көзіңмен көрмесең,
Тозақтың барына сенбесең,
Тартып тағдыр жазасын,
Түрлі ескерту аласың:
Таппай емдік шарасын,
Қатты ауырып қаласың.
Бостандықтың білмей бағасын,
Абақтыға барасың.
Зарыңды кімге шағасың?
Ағызып көздің сорасын,
Өзіңе қолды саласың.
Соныменен тозаққа
Осы өмірде-ақ барасың.
Құдайыңды ұмытсаң,
Кімге кінә тағасың?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құдайыңды ұмытсаң өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Құдайыңды ұмытсаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құдайыңды ұмытсаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құдайыңды ұмытсаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері