Көшедегі қарындас – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көшедегі қарындас» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1860
Қарындас, көрдік сені кеше де,
Бұралып бара жаттың көпшілік көшеде.
Керілген қасың да,
Төгілген шашың да,
Бір жігіт қасыңда.
Сен сиқырлана бір елден ерек күлесің,
Айтшы, жаным, сонда нені білесің?
Ол жігітің бе, кім өзі?
Күтіп тұр сені өмірдің не үлесі?
Қайырмасы:
Жанымдағы сен, алтын қарындасым,
Жанымдағы сен жарқын шағыңдасың,
Жанымдағы сен дейміз жаңылмасын,
Аңдай біл
Жолыңды,
Солыңды,
Оңыңды!
Көшеде көрдік сені бүгін де,
Өзгеріс байқалмайды кешегі түріңде.
Басқа жігіт қасыңда,
Аймалап басыңнан,
Мойныңа асылған.
Сен: «жаным» дейсің де,
Жайраңдайсың жанында,
Айтшы, жаным, соңғы тапқан жарың ба?
Тек осылай ма таңдауың?
Керек емес пе өмір жолын аңдауың?
Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көшедегі қарындас өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көшедегі қарындас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көшедегі қарындас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көшедегі қарындас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері