Өлең, жыр, ақындар

Жаңаөзен – жаңа кезең

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2601
Тоқ бола ма, аш бола ма?
Өзіне адам қас бола ма?
Ана емшек береді ме,
Жыламаса, жас балаға?
Жас баланы жылатпайық,
Абайсызда құлатпайық.
Қарап қас пен қабағына,
Әр қадамын қуаттайық.
Бала неден тосылады?
Қатарға тез қосылады.
Туған ел мен туған жердің
Абыройын асырады.
Өтіп жатыр бала кезең,
Алда әлі дана кезең.
Еліміздің бір бесігі –
Тербетілген Жаңаөзен.
Демейді ешкім азғындайық,
Ол үшін ор қаздырмайық.
Емшек сұрап жылады деп,
Жас баланы жазғырмайық.
Тал бесікті тербетейік,
Тербетейік, төрлетейік.
Ұлдар еркін бой көтеріп
Ел қатарлы ержетейік.
Елбасының өзі келді,
Жаңаөзенді көзі көрді.
Жұртшылықты жандандырған
Шын қамқорлық сөзі болды.
Ақ жарылып пәк жүректер,
Ақтарылды ақ тілектер.
Қуанышты алып ұшып,
Көкке қанат қақты кептер.
Жаңаөзен, Жаңаөзен,
Есілмен тең ағады өзен.
Ұлы байтақ елімізде
Басталды бір жаңа кезең.
Өтіп жатыр бала кезең,
Алда әлі дана кезең.
Жаңаөзен, Жаңаөзен –
Басталды бір жаңа кезең.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маймыл мен марал

  • 0
  • 0

Маймыл мен Марал дос болды,
Достардың көңлі қош болды.
Мақтауға келген кезінде
Маралың ептеп бос болды.

Толық

Келме дедің – келдім

  • 0
  • 0

Өзіңді көремін деген армандарым-ай,
Көрген кезде келбетіңе таңданғаным-ай.
Алғашқыда таң-тамаша тойда таныстық,
Жұмбақты бір ойда қалыстық.

Толық

Тасбақа

  • 0
  • 0

«Асты-үсті тарғыл тас,
Ортасыңда шандыр бас»,
Анау-мынау жауына
Оңайлықпен алдырмас.

Толық