Ақтың оты сөнбейді – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ақтың оты сөнбейді» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1320
Қастандықты өмірде көріп келем,
Көріп келем, бағасын беріп келем.
Адамдығы жоқ жандар адалдықты
Арсыздықпен ұрып жүр бөрікпенен.
Бірақ, олар ешнәрсе өндірмейді,
Жақсылыққа шын қауіп төндірмейді.
Қанша қарау болғанмен қараниет,
Ақтың отын арамдар сөндірмейді.
Қараулықты шындықпен қақ тілетін,
Сөндірмейді арамдар ақтың отын.
Сөндірем деп қаншама алқынса да,
Өзі тартар бір күні тақсіретін.
Алла бәрін қалтқысыз көріп тұрар,
Ақ, қараның бағасын беріп тұрар.
Адалдарға арамдық жасағандар
Тірлігінде-ақ тұншығып, өліп тынар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақтың оты сөнбейді өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ақтың оты сөнбейді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақтың оты сөнбейді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақтың оты сөнбейді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері