Туысыңды таптың ба? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Туысыңды таптың ба?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1885
Жайпаң іздеп туысын,
Сүзіп қуыс-қуысын,
Мекемелерді шарлап жүр,
Басшыларын барлап жүр.
Кіріп барды әуелі
Жайқатылған мәуелі
Зәулім балабақшаға:
– Сәлем бердік, жақсы аға!
Сырттай естіп елеңдеп,
Келіп тұрмын бөлем деп..
Бастық сасып қалды,
Басын қасып қалды:
– Жаным-ай,
Отырғаным танымай...
Жайпаң желіп кетті,
Жеті атасын теріп кетті:
– Арғы атамыз Айтан,
Айтаннан – Байтан,
Байтаннан – Байпаң,
Байпаңнан – Майтан,
Майтаннан – Тайтаң,
Тайтаңнан – Жайтаң,
Жайтаңнан – Жайпаң.
Сол Жайпаң менмін,
Өзіңізге келдім...
Бастық ұқты –
Бөле болмай шықты.
Жайпаң жүріп кетті,
Тағы бір мекемеге кіріп кетті.
Бастығына жалпылдай,
Сәлем берді аңқылдай:
– Айналайын ағамыз,
Елтірі тон жағамыз.
Сөзіңізді бағалап,
Көңліңізді табамыз.
Жақсыңызды асырып,
Жаманыңызды жабамыз.
Біз секілді ініге
Көмектесіп қараңыз,
Бір әжетке жараңыз..
Бастық сасып қалды,
Басын қасып қалды:
– Жаным-ай,
Отырғаным танымай...
Жайпаң желіп кетті,
Жеті атасын теріп кетті...
Бастық ұқты –
Іні болмай шықты.
Жайпаң жүріп кетті,
Бізге де кіріп кетті.
Сыртымнан біліп кетіпті,
Туыс тұтып іліктетті.
Бара-бара қызып кетті,
Жеті атасып тізіп кетті:
– Арғы атамыз Айтан,
Айтаннан – Байтан,
Байтаннан – Байпаң,
Байпаңнан – Майтан,
Майтаннан – Тайтаң,
Тайтаңнан – Жайтаң,
Жайтаңнан – Жайпаң...
Солай де сайтан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туысыңды таптың ба? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Туысыңды таптың ба? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туысыңды таптың ба? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туысыңды таптың ба? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері