Академик арыстан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Академик арыстан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2990
Академик – президент Арыстан,
(Орынбасары Барыстан)
Демалысқа кетерде,
Уақытша Барысты бастық етерде,
Былай деді салмақтырақ пішінде:
«Осал емес күшің де,
Ісің де,
Мен келгенше беделіңді түсірме.
Оңды-солды сілтей бер,
Кемшілікті бүркей бер.
Мықтыларға тиіспе,
Сұлулармен сүйіспе.
Осы ақылды ұқ», – деді,
Барыс та оған: «Құп!» – деді.
Бірақ, оның басқаша еді күткені:
Ең алдымен профессор Аюды
Қарастырды жоюды.
Жемқор доктор Қасқырды
Сот орнына тапсырды.
Сонсын жүйрік Жылқыны
Жалынан ап жұлқыды,
Жайрандарды қылқыды.
Текке жүрген Түйені
Бір вагонға тиеді.
Салпаңдаған Сиырды
Етке өткіз деп бұйырды.
Сүйіп Түлкі бикешті,
Тым қызықты күй кешті.
Ал, кандидат қойларды,
Деме, тіпті, ойға алды.
Бұл зомбылық, бұл зорлық –
Мықтыларға шын қорлық.
Академик келгенде,
Оған есеп бергенде,
Барлық мықты жиылып,
Қатал жаза бұйырып,
Әшкерелеп Барысты,
Сотқа берді бар істі.
Демалыстан оралып,
Көз жеткен соң мол анық,
Академик Арыстан
Ұрысты-ай кеп Барысқа:
«Өзің де бір оңбайсың,
Енді шындап сорлайсың.
Нең бар еді бірегей
Докторларға тиісіп?
Кандидаттар шүрегей
Қаптап жүр ғой ұйысып.
Күнде бірін жесең де,
Кемімейді кандидат.
Кетпес еді есең де,
Жатпас едің жан қинап.
* * *
Академик байқап жайды байыпты,
Арашаға түспеген.
Өйткені, әркім айыпты
Өз ісіне істеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Академик арыстан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Академик арыстан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Академик арыстан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Академик арыстан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері