Қарға мен бұлбұл – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қарға мен бұлбұл» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4351
Қарға көріп Бұлбұлды,
Ғашық болды өлердей.
Сыйлап әсем гүлгүлді,
Сөз сөйледі сенердей:
«Маған шықсаң, әрине,
Арта түсіп әнің де,
Арта түсіп сәнің де,
Сені бүкіл таниды ел».
Иланды да әнші оған,
Жар болар деп аңсаған,
Тиіп алды тартынбай.
Той өткен соң қосылып,
Қарға өзгеше жосылып,
Танытты өнер қарқылдай:
«Қасында ері тұрғанда,
Жұрт алдында ырбаңдап,
Неге керек әнші боп?
Қатысам деп жарысқа,
Қанат қақпай алысқа,
От басында қалшы тек», –
Қарға солай қарқ етті,
Бұлбұл құстан ән кетті,
Ән кеткен соң, сән кетті.
Қарғадан асып та кете алмады,
Қашып та кете алмады.
Қарқылға әбден көндігіп,
Біржолата сөнді үміт.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарға мен бұлбұл өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қарға мен бұлбұл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарға мен бұлбұл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарға мен бұлбұл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері