Қайтесің, дос, біреулерге өшігіп – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қайтесің, дос, біреулерге өшігіп» атты Қадыр Мырза Әли жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 9951
Қайтесің, дос, біреулерге өшігіп!
Түйілгенше,
Сыр шертелік шешіліп.
Келмейді деп күдеріңді үзбе, сен,
Бақыт шіркін жүреді ылғи кешігіп!
Қайткенде де қызық көру мұрат па?!
Күтеді оны диқаншы да,
Мұрап та.
Оңай ұстап алатындар бар оны,
Байлап қою оңай емес бірақ та!
Бақыт жайлы ойландым-ау ұзақ мен.
Қуады оны бір атпен де,
Жүз атпен....
Бәрібір, дос, бола алмайды бақытты
Бақытыңды ұстағандар тұзақпен.
Енді, міне, қара суық қара күз.
Өткенді ойлап солқылдайды жарамыз.
Алыс та емес,
Жақын да емес —
Бір жұмбақ
Бақыт пенен екеуміздің арамыз.
Сабыр! Сабыр! Жүйрік көңіл пырағы!
Жанар әлі абыройдың шырағы...
Келе жатып,
Бара жатып біреуге
Бақыт маған соғып кетіп тұрады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайтесің, дос, біреулерге өшігіп өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қайтесің, дос, біреулерге өшігіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайтесің, дос, біреулерге өшігіп өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қайтесің, дос, біреулерге өшігіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері