Диктант – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Диктант» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 9114
Кеше біздер класта
Диктант жаздық отырып.
Көшірдім мен Күләш тан
Бір парақты толтырып.
Үзілісте мен іште
Асыр салып ойнадым.
Құрығанда бір «үшке»
Жаздым-ау деп ойладым
Сөйтсем, мойны ұп-ұзын
«Бір» алыппын, құрысын
Дәптер беті қып-қызыл,-
Ұялған ғой мен үшін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері