Терезе – көз – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Терезе – көз» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5298
Үй дегенің — ұлы өмір
Бар қайғысы, шаттығы.
Үй дегенің — ұлы өмір
Бар жастығы, қарттығы.
Үй дегенің — өр өзен
Бір сұсты, бір жайлы өңі.
Кіп-кішкентай терезең —
Дүнкенің көз әйнегі.
Сол терезең таң көріп,
Әлемге көз жіберер.
Сол аркылы тау келіп,
Ай мүйізі тірелер.
Терезеңе шаң тұнса,
Жуар тамшы түн қатып.
Желпір терін артынша
Жапырақтар құрғатып.
Қарасаң түн кезінде
Терезе ақ тал түстей.
Терезеге — көзіңе
Тұрса жақсы шаң түспей.
* * *
Көктемде түстім тамшы боп,
Гүлдерің сенің өссін деп.
Сайрадым жазда әнші боп,
Көңіліңнен бұлттар көшсін деп.
Сағынып шулы көктемін,
Іздеді құстар жылы күн.
Қыста да сенен кетпедім,
Жанымның беріп жылуын
Санама мені жатқа бір
Қысылсаң маған хабар бер.
Болайын саған ақ жаңбыр,
Болайын саған самал жел.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Терезе – көз өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Терезе – көз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Терезе – көз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Терезе – көз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері