Мықтылар

Бұл бетте «Мықтылар» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4973
Қамыс болар күн келеді құраққа.
Қар түседі кешегі көк қыратқа.
ГАИліктің таяғындай леп белгі
Айналады бүктетілген сұраққа.
Адам байғұс шөжейін деп шөже ме?!
Амалы жоқ жеткеннен соң межеге.
Анау жылғы қыз махаббат күлім көз
Айналады мәужіреген әжеге.
Кейбір жастар һәм бөбектер бейкүнә,
Күле қарар әжім-әжім сиқыңа.
Бірте-бірте, бірте-бірте мына ұйқы
Айналады анау үлкен ұйқыға.
Қарап қалмас әдеп сақтап іркіліп,
Кеуде қағар кәріліктің күркілі.
Шөге-шөге, шөге-шөге дәу тұлғаң
Айналады төмпешікке бір күні.
Сияқты сол шөгіп жатқан жүкті нар
Төмпешікке
Шыққан шөпке шық тұнар...
Бірақ, бірақ Адамға бұл дауа жоқ —
Ескерткіш боп тұрып кетер мықтылар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мықтылар өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Мықтылар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мықтылар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мықтылар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері