Осындайлар қиын-ды – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Осындайлар қиын-ды» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1396
Үй туралы баяндама оқылды,
Бас кезінде біраз адам отырды.
Деді лектор жалындап:
– Алда талай тамаша үйлер салынбақ.
Сенер болса сол сөзге,
Ол кезде
Пәтерсіз жан болмайды,
Ешкім залға қонбайды,
Тоңбайды.
Аздан кейін тұрып кетті көп адам:
– Керек емес сыйыңыз,
Бар ғой біздің үйіміз,
Жақсылықты үйсіздерге-ақ үйіңіз.
Шешеніміз еш қиналған жоқ оған.
Сөзін әрі жалғады...
Содан кейін залдағы
Адамдардың қалғаны
Былай деді табанда:
– Қисыны жоқ құрғақ сөз,
Сенімі жоқ сырғақ сөз
Бізге пәтер болар ма?
Бос сөйлемей, одан да
Салып берсең үйіңді,
Сонысы ғой тиімді.
Шешеніміз жалғыз қалып күйінді,
Қабағы тас түйілді.
* * *
Осындайлар қиын-ды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Осындайлар қиын-ды өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Осындайлар қиын-ды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Осындайлар қиын-ды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Осындайлар қиын-ды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері