Ғайыптан тайып – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Ғайыптан тайып» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2116
Екеуің егер ғайыптан тайып жолықсаң,
Ғашық боп қалсаң және де содан қорықсаң.
Кездескің келіп, жүздескің келіп тарықсаң,
Және де соған мүмкіндік болмай зарықсаң.
Ғайыптан тайып бір бақыт басқа айналса,
Қонғысы келіп, қона алмай және ойланса...
Екеуіңнің де ең асыл сезімдеріңді
Басқа бір жандар қанжығасына байласа.
Қиялы ғажап қиямет-қайым күн кешсең,
Бөлек-ақ жүріп, бөліп бір ойды тілдессең,
Төлеген де емес, Бекежан да емес, басқасың,
Олардай болсаң бұл күннің нарқын білмес те ең...
Бас бәйгесі үшін тікпеген басын палуандай,
Біріңнен бірің шәрбат та татпай, бал да алмай.
Бақыт боп баста кездеспеген соң, заң солай –
Өтуің керек басқаларға енді сор болмай.
Бірақ та, бірақ...Махаббат – сұрақ мәңгілік,
Жұмбағын шешкен жүрегі жеткен нар жігіт.
Ғайыптан тайып жұмбағын шешсең не істер ең,
Ғайыптан тайып айнала ма өңге түс деген?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғайыптан тайып өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Ғайыптан тайып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғайыптан тайып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғайыптан тайып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері