Хор – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Хор» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3594
Аудан басшылары хор құрамыз деп,
Хор болғанда, зор қыламыз деп,
Ұранды тастап жіберді,
Бір әнді бастап жіберді.
Алыстан іздемей-ақ жетекшіні,
Шақыртып алды есепшіні.
Өйткені, ол тойларға барып жүретін,
Ептеп ән салып жүретін.
Әуелі ол қашқақтап көрді,
Басшылар айтқан соң, бастауға көнді.
Хорға жетекші енді.
Алайда, он адамнан хор бола ма?
Жүзі жиналмаса, оң бола ма?
«Әншілер» әр мекемеден сұрыпталды,
Кей кеңседе іс тұрып қалды.
Клубқа көнген де барды,
Көнбеген де барды.
Дауысы келген де барды,
Келмеген де барды
Бірінің дауысы арындап шықса,
Бірінің дауысы барылдап шықты.
Бірінің дауысы қырылдап шықты.
Бірінің дауысы шырылдап шықты.
Хор болмады, сор болды,
Клубтан кете алмай,
Жұмысқа жете алмай,
Жиналғандар қор болды.
Еш нәрсе ешкім ұқпады,
Бір айда бір ән шықпады.
Аудан басшылары, алайда,
Оған қарай ма?
Облысқа беріп жатты ақпарды:
«Жүз адамнан тұратын,
Жұртты қайран қылатын
Хорымыз бар!» – деп мақтанды.
* * *
Хор көп ұзамай тарап кетті,
Бірақ, бір іске жарап кетті:
Басшылардың бұл қалжыңы,
Шын таланттарды табатын,
Мәдениет сарайын салатын
Бөлдіріп алды қаржыны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хор өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Хор өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хор өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хор өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері