Із қалдыру – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Із қалдыру» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2169
Шаруашылық батығы былай деді:
«Қолдаса Құдай мені,
Дәл бүгіннен қам қыламын,
Артымда із қалдырамын:
Ең алдымен асфальт алдырамын,
Сара жол салдырамын.
Содан соң кірпіш алдырамын,
Мәдениет сарай салдырамын,
Ауылды думан-ән қыламын.
Содан соң ағаш алдырамын,
Балабақша салдырамын.
Содан соң аспаз алдырамын,
Шайхана салдырамын,
Елді шайға қандырамын.
Содан соң сауна салдырамын,
Ел құмарын қандырамын.
Содан соң наубайхана салдырамын,
Дүкен толы нан қыламын.
Жастарға тілімді алдырамын,
Ауылда қалдырамын,
Алдарын толы мал қыламын.
Не сұрап келсе де алдыма кім,
Тілегін бар қыламын.
Бәрін де жаңадан салдырамын,
Елімді таң қыламын,
Сөйтіп, артымда із қалдырамын.
* * *
Бастық бәрін де алдырды,
Бірақ, өзіне ғана үй салдырды.
Көп ұзамай істі боп, мәңгірді,
Осылайша артында «із қалдырды».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Із қалдыру өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Із қалдыру өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Із қалдыру өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Із қалдыру өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері