Жан мен тән – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жан мен тән» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2418
Адамды көр бақылап,
Жан мен тәннен тұрады.
Су мен темір, топырақ –
Дененің шын құрамы.
Көрінбейді көзіңе,
Жан дегенің рух қой.
Өзің ғана сезіне
Алатыныңды біліп қой..
Тән ауырса, өзгелер
Көре алады көзбенен.
Жан ауырса, езбелер
Оны көріп-сезбеген.
Тән ауырса, емшілер
Қолдан келсе, емдейді.
Жан ауырса, ешкім де
Нақты көмек бермейді.
Алла осылай адамды
Жұмбақ қылып жаратқан.
Ақыл менен санаңды
Тал бойыңа таратқан.
Ақыл болса, Аллаға
Құлшылық қып өтерсің.
Есер болсаң, сандала,
Босқа лағып кетерсің.
Бірақ, Алла бәрін де
Көріп-біліп отырар.
Тура жүрген әділге
Арай таңын атырар.
Шыбын жаның өлген соң,
Ұшып кетер тәніңнен.
Қара жерге көмген соң,
Айрыласың бәрінен.
Ал, рухың қайтадан
Өз бейнеңе келеді.
Бар сұраққа шайқаған
Жаның жауап береді.
Тәнің көмген жерінде
Топыраққа айналар.
Жаның ұшып көгінде,
Бақ мекенге жайланар.
Бұл жерде емес ол мекен,
Басқа ғаламшарында.
Жұмақ, тозақ сонда екен,
Атар алтын таңың да.
Бұл пәниде адамға
Жасар босаң жақсылық,
Орның жұмақ әманда,
Күтер сені тақ тұрып.
Бұл пәниде адамға
Жасар болсаң қиянат,
Орның сенің әманда
Мәңгі азап, қиямет.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан мен тән өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жан мен тән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жан мен тән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жан мен тән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері