Назияда күн ашық – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Назияда күн ашық» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1947
Назияда мөлдір көк,
Назияда күн ашық.
Жайысып құшақ елжіреп,
Жатырмыз саулық сұрасып.
Жармасып толқын жалына,
Жүзеді бұлттар желкендей.
Жолымды тосқан сағына
Назия назды еркемдей.
Жағаңа салмай қаз ұя,
Көзіңнен жас боп мұң ыршып,
Жатушы ең, қайран Назия,
Жаралы жандай ыңырсып.
Жаттың сен айлар күн көрмей,
Жарық қып оттың жарқылын.
Жаттың сен айлар түн көрмей,
Күндіздей от боп әр түнің.
Тапқандай пана асқарды,
Тіредім саған арқамды.
Толқыныңа жас тамды,
Толқыныңа қан тамды.
Жаздым жыр көздің жасымен,
Жаздым жыр жүрек қанымен.
Сүйеген сонда досым ең,
Жақын кеп жұрттың бәрінен.
Бірінші рет Торғайда
Тамса қаным туғанда,
Екінші рет майданда
Қаным бір ақты жылғаңда.
Қаным ұйып тұнған жер,
Іздеп келдім шалғайдан.
Сен де маған туған жер,
Айырмаң жоқ Торғайдан


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Назияда күн ашық өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Назияда күн ашық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Назияда күн ашық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Назияда күн ашық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері