Сурия – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сурия» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1815
Жиегінде толқып талы,
Шуылдайды ұлып іші.
Сурия өзен Волховтағы
Назияның сіңлісі.
Көк төсінен ақық жұлдыз
Түскен бір кез домаланып.
Жағасында жатыр бір қыз
Сол жұлдызды қадап алып.
Солтүстіктің бір гүлі еді
Ерте батқан күні ұяға.
Атын оның кім біледі,
Назия ма, Сурия ма!
Тастай шөккен қайта тұрмай,
Жанын қиып ел кегі үшін, -
Сол қыз жайлы айтатындай
Сурия өзен ертегісін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сурия өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сурия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сурия өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сурия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері