Әжей мен мұғалім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Әжей мен мұғалім» атты Абдрахман Асылбек жазған ұстаз туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4897
Әжей мұғалімнен сұрады:
– Шырағым,
Түсіндірші мынаны,
Немерем қанша жыл оқымақ?
Нені тоқымақ?
Мектепте он екі жыл болады,
Миы әбден толады,
Содан соң институтқа барады.
– Балам-ау,
Күнә ғой өткенге қарамау.
Жасы жиырмаға жеткенше,
Кеудесі кемедей,
Төсі төбедей
Болып кеткенше,
Ата-анасының желкесіне мініп,
Қыз бала мектепте жүріп,
Қылмыс қой әжетке жарамау,
Әдепті қажет санамау.
Ал, ұлым арыстай толып,
Мұрты қарыстай болып,
Мектепте не тындырмақ?
Әлде, ойнай ма сылдырмақ?
Бұрынғылар баланы
Он үште отау иесі дейтін.
Ерте сақайту сананы –
Өмірдің жүйесі дейтін.
Сөйтіп, еңбектен айырмайтын,
Тірлікке ерте дайындайтын.
Ал, сендер ше?
Жиырмаға келгенше,
Баланы мектепке қамайсыңдар,
Әлі жас санайсыңдар.
Олар айнаға қарағаннан,
Шаштарын тарағаннан,
Басқаны әсте білмейді.
Айылдарын жинамайды,
Үлкендерді сыйламайды.
Бірін-бірі дөрекі тілдейді.
Оқу мерзімін бірер жылға
Білер тұлға
Азайтуға болмай ма?
Оған жетер жол қайда? –
Деп әжей әрең тоқтады,
Сұрағы оңай соқпады.
Мұғалім қатты қысылды,
Қатесін енді түсінді:
Әже-ау, бізде қандай билік бар?
Бұйрықтар
Жоғарыдан кеп жатады,
Орындаңдар деп жатады.
Қарсылық қылмаймыз,
Қалтқысыз тыңдаймыз.
Әже айтты:
– Халық деген қайда?
Қарап жүр ме айға?
– Құр сөзден не пайда?
Сөзіміз өтпейді,
Жоғарыға жетпейді.
– Көзім шықсын көрсем мұндайды,
Балалар сендерді қалай тыңдайды? –
Деп әжей жүріп кетті,
* * *
Расында мұндайда
Мектептерді қайта құрмай ма?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әжей мен мұғалім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Әжей мен мұғалім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әжей мен мұғалім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ұстаз туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әжей мен мұғалім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері