Алтай жері
Бұл бетте «Алтай жері» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өр Алтайдың таулары да өр еді,
Қарттары да ой айтатын өрелі.
Жарға құлап бара жатсаң бір уыс,
Жусаны да саған көмек береді.
Жақпар тастар алтынан да бағалы,
Әр тасында Сұлубайдың бар әні.
Арғымағы өрге қарай ентелеп,
Баласы да өрге қарай шабады.
Өзендері тарам-тарам сағалы,
Құм шайқаған кесек алтын табады.
Асқақтықтан жаратылған мекеннің,
Өзені де өрге қарай ағады.
Мұнда өтпейді басқалардың зорлығы,
Таң қалдырар батырлардың молдығы.
Есек міну жазаның ең үлкені,
Жаяу жүру – дүниенің қорлығы.
Қыздары да кербез келер шетінен,
Намыс үшін жан қиюға бекіген.
Алтай жерін силасаңдар ағайын,
Азаматын қақпаңыздар бетінен!
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі