Ғылымсыз адам – айуан

Бұл бетте «Ғылымсыз адам – айуан» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған білім туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ғылымсыз адам – айуан,
Не қылсаң да, ғылым бiл.
Ғылымға да керек жан,
Ақылсыз болса, ғылым тұл.

Ақылға еркiн ой керек,
Матаудан ойды азат қыл.
Әдеттенiп ертерек,
Өрiсiн кеңiт жылма-жыл.

Қырық жасымда ойладым,
Жетпiстемiн мен биыл.
Белдi бекем байладым,
Әдеттендi ой мен тiл.

Атағы шыққан жақсыға,
Ақылды байлап қылма құл.
Шатақ дiн мен дағдыға,
Шоқынба, досым, зиян бұл.

Дұрыс деме құры ойлап,
Ақылға сынат, сабыр қыл.
Жығылмайтын дәлел тап,
Бiрезу болма өзiмшiл.

Мiнiңдi тапса кiм сынап,
Аяғына бар жығыл.
«Қап, бәлем» деп кектi ұнап,
Сақтай көрме ойға зiл.

Бақ, мансапқа сиынып,
Болма боран, жел, дауыл.
Аса сәндi киiнiп,
Қуыршақ болма сәкәкүл.

Тiкенiң болса бойыңда,
Ауырса да, өзiң жұл.
Сергек болсын ойың да,
Ерiншек болма құр масыл.

Адамның ең асылы –
Қиянатсыз ақ бейiл.
Ең зиянкес жасығы –
Тайғақ мiнез, екi тiл.

Сөз, мiнезi құбылса,
Ар, иманы жоқ деп бiл.
Аулақта жемтiк сыдырса,
Оны ойыңмен айуан қыл.

Дұспанға да бол әдiл,
Түсiрме ойға тат пен нiл.
Ұмытпа болсаң бiздiң ұл,
Осы өлеңдi құлаққа iл.


Пікірлер (4)

Әйгерім

Өте керемет өлеңдер тамаша жазылған

Мәделі Нұршапағат

Мен осы жарыс үшін еңбектеніп осыны жаттадым нәтиже өте керемет жүлделі боламын деп сенем

Мәделі Нұршапағат

Өте керемет шыққан

Айша

Ғылымсыз адам – айуан...!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғылымсыз адам – айуан өлеңінің авторы кім?

Шәкәрім Құдайбердіұлы — осы өлеңнің авторы.

Ғылымсыз адам – айуан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғылымсыз адам – айуан өлеңі не туралы?

Бұл шығарма білім туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ғылымсыз адам – айуан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері