Жалшының зары

Бұл бетте «Жалшының зары» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1341
Күн ұзын, әрі ыстық сарша-тамыз,
Соғып тұр аңызғақ жел, жылы нағыз.
Шаршадық жұмыс қылып күні бойы,
Үстіне оның тағы оразамыз.
Сусадық, тамағымыз кеуіп қалды,
Күн әлі ерте, бесінге жаңа барды.
Өткен күн аш өзекке айран іштік,
Бермейді байдың үйі жейтін нанды.
Азырақ дамыл алып ұйықтар едік,
Ұрсады ғой иеміз қалса келіп.
«Өлсең дағы жүре бер жұмыс бітсін,
Қойғам жоқ мен ақшаны тегін беріп»—
Деп біздің мазамызды алады ғой,
Істеліп қалмаған соң жұмыс өніп,
Түбінде ақы бермей қоя ма деп,
Жүреміз кешке дейін дел-дал болып.
«Молдалар жер астында бар,— деп,— тамық»,
Қолына қорқытады құран алып.—
«Ораза ұстап, намазды оқымасаң,
Күйдірер,— дейді,— жанған отқа салып...»
Қиын-ау, ұстамасақ сол бір жері,
Сусыннан қиын шыжып жатқан жанып!
Көрмесең «ол дүниеде» рақатты,
Көрмедік бұл дүниеде сәуле-жарық!..
Мінекей,— келіп қалдым біраз жасқа,
Құрбылар қатын алды менен басқа,
Жалғанда көз ашпадым жалшылықтан,
Ағарды мехнатпен сақал, шаш та!
Үйімде жалғыз ғана сиырым бар,
Қыз айттырсам алады көп қалыңмал
Қырық жетінің аяғын тік бастырып,
Тағы да пәлен жүз сом ақша алар!..
Қолымда қазір оның бірі де жоқ.
Өтеуге тағы талай уақыт керек.
Өлсем-ақ ертең атым жоғалады,
Жалғаннан еттім енді ұрпақсыз боп!.

1917


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалшының зары өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Жалшының зары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалшының зары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалшының зары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері