Өлең, жыр, ақындар

Кезек күту

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1392
Келіндерді көбіне
Қарамай жосық-жөніне,
Кінәлаймыз тумайсың деп,
Ата салтын қумайсың деп.
Бұрын әр үйде,
Болғанымен тар үйде,
Бала деген оннан болатын,
Бір-біріне қорған болатын.
Әйелдер жұмыс істемейтін,
Ерлеріне «кіш» демейтін.
Жұмыстан келсе, бағып қабағын,
Алдына тосып тамағын,
Күле күтіп алатын,
Балалрын баптап бағатын.
Қазіргі жағдай қиын ғой,
Әсіресе, қалада
Қарайтын уақыт жоқ балаға,
Әйелдер бір құйын ғой.
Ерлермен бірге ақ таңнан
Жұмыстарына аттанған.
Туа қалса бір бала,
Оның өзін мұңдана,
Береді балабақшаға,
Керек оған ақша да.
Балабақша дейтұғын,
Қалада ол да көп емес.
Бала қамын жейтұғын
Азаматтар да жоқ емес.
Бірақ, кезек күту шын азап,
Не көрмеген бұ қазақ?
Жекеменшікке антұрған
Қазақ бақшалары сатылған.
Жаңадан салатын орын жоқ,
Не қаржысы – қоры жоқ...
Жас баласы жетіге келгенше,
Кезек күтіп сенделсе,
Келіндердің «есі бар»,
Екінші бала туып несі бар?
Бірінші перзентінің өзін де,
Ішінде жүрген кезінде,
Жоспарын құрып қояды:
Кезекке тұрып қояды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңа жыл – наурыз

  • 0
  • 0

Мерекеміз Наурыз –
Халық күткен бақ-ырыс.
Адамдардың аңсары,
Бір-біріне сағыныш.

Толық

Албанға

  • 0
  • 0

Райымбек секілді батыр берген,
Мұқағали секілді ақын берген.
Албан елі қашанда қасиетті,
Сондықтан да, жаныма жақын көргем,

Толық

Көбелек

  • 0
  • 0

Ала қанат көбелек
Ұшады да қонады.
Зыр жүгіріп Бөлебек,
Ұстамақшы болады.

Толық

Қарап көріңіз