Тал тағдыры

Бұл бетте «Тал тағдыры» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1256
Үй алдында еңселі
Бір тал тұрды теңселіп.
Көктем сайын құлпырып,
Көкке қарай ұмтылып,
Желектерін жаятын,
Жанға рахат сая-тын.
Бірақ, күзде жаман-ақ,
Жел үп етсе шамалап,
Жапырақтары шашылып,
Аяқасты басылып,
Сыпырса да қаншама,
Тағы түсіп соншама,
Жас келінді мезі етті,
Бір сөзінде кезекті
Күйеуіне шүйілді:
– Кесіп таста бұ талды,
Жүйкем әбден жұқарды,
Тазартам деп үйімді.
Жапырағы мол екен,
Бірақ, маған сор екен.
Күйеуі айтты:
– Сүйіктім,
Тал дегенің дарақ қой,
Қандай көркем, қарап қой,
Оны кесер қиып кім?
Қинады әйел күйеуін:
– Осы болса сүйеуің,
Қош айтыс та жарыңмен,
Қала бергін талыңмен.
Төркініме кетемін,
Күйеусіз-ақ өтемін...
Таныған соң сыңайын,
Ері тыңдап жұбайын,
Бір дауылды басқалы,
Талды кесіп тастады.
* * *
Иә, сонда не тынды?
Бір кездегі сүйкімді
Сәні кеткен үй тұрды
Сиыр қора секілді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тал тағдыры өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тал тағдыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тал тағдыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тал тағдыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері