Ерекеңнің ерлігі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ерекеңнің ерлігі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1470
Серванттар, сақтаныңдар,
Ерекең келе жатыр.
Барыңды ақтарыңдар,
Тексеріп көреді ақыр.
Коньягің, арағың да
Кетеді жұмырында.
Сыра ма, шарабың ба,
Бас тартпас ғұмырында.
Ерекең қағып алса,
Кетеді шешен болып.
Салатын лаңы қанша,
Кетеді есерленіп.
Әр затты ырғап көріп,
Бұлғаңдап, бұлқынады.
Шетінен қырмақ болып,
Әркімге ұмтылады.
Сервантты көзі шалса,
Ерекше қызып кетер.
Бұрыннан өші барша,
Бұқаша сүзіп кетер.
* * *
Әй дейтін әже жоқ,
Жүр Ерекең қожа боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері