Тосқауыл – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тосқауыл» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1270
Аяз деген қақап тұр,
Аяқ-қолды матап тұр.
Бір амалын таппасаң,
Шынында да шатақ бұл.
Тыныштықтың сазын ап,
Бөлмесі тұр азынап.
Тәкең бойын жылытты,
Тартып алып азырақ...
Күнде осылай кеңседе,
Бөтелкені еңсере,
Біздің Бәкең үйіне
Оралып жүр теңселе.
* «Мәдениет» газеттің аты
«Мұның не, – деп, – хош, бауыр?
Сұрай қалса дос тәуір,
Дейді Тәкең тосылмай:
«Бұл – аязға тосқауыл».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері