Өлең, жыр, ақындар

Жолды жегені – елді жегені

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1301
«Алакөл! Алакөл!» деп елдің бәрі,
Аптыға құрақ ұшып келді бәрі.
Жолдарын көрген кезде ойқы-шойқы,
Келместей тұра қашар ендігәрі.
Айдынды Алакөлдің көлі қандай?
Көлімен мақтанады елі қандай?
Басына басшылардың тимейтұғын,
Оқалақ-шоқалақты жолы қандай?
Жол салу Алакөлге жөн деді де,
Өкімет мол қаражат бөлмеді ме?
Басшылар жергілікті жебір болып,
Тиісті дәрежеде жөндеді ме?
Керекті қиыршық тас, смала ма?
Төселіп өз орнымен сылана ма?
Басшылар жебірлікпен жұтып жатса,
Белгілі не жегені бір Аллаға.
Тасты да талғамастан үйіп жейтін,
Екен де жалмауыздар түйілмейтін.
Вагонды жүгіменен жұтса-дағы,
Түрі жоқ түйме ғұрлы бұйым дейтін.
Жоғарғы басшылары көрмейді ме?
Көрсе де, шындап көңіл бөлмейді ме?
Бір мезет дем алуға, ем алуға
Әлде олар Алакөлге келмейді ме?
Келсе олар, тікұшақпен келер болар,
Қалаған саяжайға енер болар.
Басқалар шулай берсін, тулай берсін,
Қызығын тек өздері көрер болар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арамызда бәрі бар

  • 0
  • 0

Бір сөзді дәл ұғар,
Бір сөзді сәл ұғар –
Сан алуан баланың
Арамызда бәрі бар.

Толық

Әншілер

  • 0
  • 0

Көрші сыйлап көршісін,
Қонақ қылып, ас берді,
Бірақ, ойы басқа еді:
Тыңдатқысы келген біраз әншісін.

Толық

Қыз деген нәзік болсайшы

  • 0
  • 0

Қыз деген нәзік болсайшы,
Жаны кең жазық болсайшы.
Жігіттің үміт күніне
Айланар қазық болсайшы.

Толық

Қарап көріңіз