Пародия туралы түсінік – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Пародия туралы түсінік» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3196
Пародия жазсам жұртқа ұсынып,
Аз да болса керек оған түсінік.
Абыройым артады деп айта алман,
Ақындардың абыройын түсіріп.
Ақындардың білем ақын екенін,
Өз басына таға алмаймын жеке мін.
Шәлкем-шалыс шумақтары кезіксе,
Соны ғана тілге тиек етемін.
Не тынады тым байсалды жүргенде?
Жақсы емес пе анда-санда күлген де?
Ақынның бар жазғанына баға емес,
Пародия – жеңіл оспақ білгенге.
Дей алмаймын өз басыма пайда бар,
Әзілімді түсінер жан қайда бар?
Ақындардың жеңілтегі жауығып,
Ақкөңілі шын досыма айналар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пародия туралы түсінік өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Пародия туралы түсінік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пародия туралы түсінік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пародия туралы түсінік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері