Өмірге онда келмеген – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өмірге онда келмеген» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1212
Шайтан көл жатыр еркелеп,
Еркелеп самал еседі.
Бір кезде осы өлкеде
Топан су болған деседі.
Топан су тынбай селдеген.
Қиялға бір сәт ерік бер:
Өмірге онда келмеген
Аманхан менен Серіктер...
(С.АҚСҰҢҚАРҰЛЫ. Жиырмасыншы ғасырдың жиырма сәті. «Жалын», 1984 ж. 37-бет)

Шайтанкөл таудың басында,
Жөңкіліп бұлттар көшеді.
Бір кезде, бауырым, осында
Топан су болған деседі.
Алапат күштен, ағайын,
Қырылып кеткен адам көп.
Болмаған онда Абайың,
Болмаған онда Махамбет.
Болмаған онда Бейімбет,
Ілияс пенен Сәкен де.
Өмірге біраз кейін кеп,
Болмаған онда әкең де.
Топан су тынбай тулаған,
Қиялға бір сәт ерік бер:
Ол кезде әлі тумаған
Аманхан менен Серіктер...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірге онда келмеген өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Өмірге онда келмеген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірге онда келмеген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірге онда келмеген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері