Кім қандай ғұмыр кешкен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кім қандай ғұмыр кешкен» атты Абдрахман Асылбек жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1784
Отыз бес жыл,
Отыз бесінші көктемім.
Отыз бес жыл – уақыт қой көп керім.
Отыз бес жыл қуарып,
Отыз бес жыл көктедім...
(М. МАҚАТАЕВ. Таңдамалы, 1-том «Жазушы»,1982 ж.35-бет)

Жиырма бес жыл,
Ширек ғасыр бір заман.
Дәуір өткен сайқымазақ, қылжалаң,
Көбіміз кеп құшақтасып жатырмыз,
Көкіректі күлкі билеп ыржалаң...
(С. ОСПАНОВ. Жанарымда жан сырым. «Жазушы», 1984 ж. 29-бет)

Марқұм Мұқаң отыз бес жыл көктеген,
Одан соң да күні босқа өтпеген.
Бірде күліп, бірде жылап баладай,
Тебіреніп төге берген отты өлең.
Ал, Сейфолла?
Жиырма бесте тым жалаң,
Жүре берген күлкі буып ыржалаң.
Таба алмаса өз арнасын жырлары,
Ақын үшін бәрінен де бұл жаман!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім қандай ғұмыр кешкен өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кім қандай ғұмыр кешкен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім қандай ғұмыр кешкен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кім қандай ғұмыр кешкен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері