Тұлданған киімге қарап жылау – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Тұлданған киімге қарап жылау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1743
Өрнегін өрген іздеп пендемін, ашып көмбеген,
Жылады деп сөкпе, жұрт, иесі кетті төрдегі.
Жасым тоқсанға келді, жылайын, сөксең де, халқым,
Бұрынғы заман маған жоқ, арпаға бидай ексең де!
Жылқы ішінде алады алаға тоқым салады.
Жылады деп сөкпе, жұрт, отырмын жетім баладай.
Базардан әкелген алаша, Алланың ісі тамаша.
Қалым да кетті қартайып, жүремін енді қалайша?!
......................... белдеуден тұлпар шешілді,
Атағы бар адам еді, пейіште қару төселді.
................ талайға
Алладан әмір келген соң, арттағы адамға қарай ма?
Ажалы болды қорғасын, қорғасын енді болмасын!
Көріп жерге салғасын, төрт періште қолдасын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері