Бұл бетте «Құлын» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шаршаған жол батып
Волховтың батпағында,
Жатыр бие толғатып
Зеңбіректің арт жағында.
Фугас бомбасы
Жерді өртеген қиын күнде,
Тіршілік жолдасы
Бүлкілдейді биенің бүйірінде.
Адамдай жапа шегіп құса-мұңнан,
Сәби бір үн сағынған.
Жалы. тарап, көзіне үнсіз қарап,
Солдат оның сипайды құрсағынан.
Шашыраған көк жалынын бүркіп
темір,
Орманның іші үрейлі.
Ал оттың ортасында -
Шіркін өмір
Құлын боп кісінейді.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі