Гүлді сүйдім шілденің аптабында
- 0
- 0
Гүлді сүйдім шілденің аптабында,
Түнді сүйдім сәуірдің ақ таңында.
Менің бала күндерім қалқып ұшты
Жазғы бақтың үлбіреп бақбағында.
Бұл бетте «Іштегі үн» атты Ерқұлан Қалидолда жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Гүлді сүйдім шілденің аптабында,
Түнді сүйдім сәуірдің ақ таңында.
Менің бала күндерім қалқып ұшты
Жазғы бақтың үлбіреп бақбағында.
Мен қайта келем, мен қайта жерге оралам,
Бұлттарды жастап найзағайлары бораған.
Мамықтай жұмсақ жалпылдап жауса ақша қар,
Ақ қайың болып, ақ түбіт ...
Жүрегім, есітемісің, жыл келеді,
Толқудан тілім менің күрмеледі.
Есікті аш, қабылдап ал, төрге отырғыз,
Бақыт пен қуанышты іргедегі.
Төгіліп қыркүйектің нұры көктен,
Ақ қайың мұңаяды сыры кеткен.
Үзілді жапырақтар, күз келді... деп
Айналып кете алмай жүр тірі көктем.
Көлдерде балық біткен шоршып қайнап,
Шалқыған мұхит болды шалшықты аймақ.
Кеулімжай бала көңіл, дана көңіл
Жүреді қапталына торсық байлап.
Жырла көктем, жырламас халің бар ма,
Сағынышын сабылтқан сағым барда.
Көрсем деумен үздігіп жүрген едім,
Дауыл соғып тұратын дабылдарда.
Модератор
Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек .
"Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.
Аяука
Мықты! Қысқа-нұсқа!