Бақыттың құсы еркелеп ұшса қонбастан
Бақыттың құсы еркелеп ұшса қонбастан,
Еш уайымдамай, өмірге нала салмастан,
Өмірдің нәрін сусындап жүрсең тоймастан,
Қуалап келер артыңнан бағың қоймастан.
Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"мотивация" туралы өлеңдер жинағы. Бұл бөлімде мотивация туралы өлеңдер, туындылар, тақпақтар мен поэмалар жинақталған.
Бақыттың құсы еркелеп ұшса қонбастан,
Еш уайымдамай, өмірге нала салмастан,
Өмірдің нәрін сусындап жүрсең тоймастан,
Қуалап келер артыңнан бағың қоймастан.
Жалғызбын деме, жан азабына күйсең де,
Жалғызбын деме,жалқының қамын ішсең де.
Жалғыз емессің, мына әлем бәрі - сен үшін,
Қадірлей алсаң, кем емес күйің ешкімнен.
Жалған өмір, қырғи қабақ көңіл,
Кей бір үшін ауыр, біреулерге жеңіл.
Көмір оған алтын, АЛТЫН болса көмір,
Отырдың, жаттың,тұрдың.
Нұр төгілер көздеріңнен күлімдесең,
Қайғы мұңнан ажарың бүлінбесін.
Қиындықта мұңайма, түңілме сен,
Бәрі жақсы болады күліп жүрсең.
Әрбір сыны өмірдің қиын-ақ шын,
Қанша ауыр болса да жеңілмегін!
Тағдырдың бар сынағын жиып апсың,
Қанша қиын болса да берілмегін!
Арманым асқақ, қол бұлғайды асқардан,
Қиялым самғап, жол іздейді аспаннан,
Жүрегім тулап, қорқады білем, бірақ та,
Жасқанбаймын! арманға жетем аңсаған!
Өзіңді оят!
Жүре бермей түңіліп,
Күдіктеніп, қорқып, ылғи кідіріп.
Тұтансын сенде жалын беретін жүрекке,
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі