Сынақ
Бұл бетте «Сынақ» атты Аселя Куатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ойланасың, күрсінесің, жылайсың,
Қайта келмес өміріңді қимайсың.
Сол қайғымен арпалысып жүріп-ақ
Өз-өзіңді жегідей жеп қинайсың.
Тағдырыңда қанша қиын, қанша ауыр болсада,
Өмір сынақ, бұл заңды сен қабылда!
Күресетін, таласатын әркімнің бар шамасы,
Соңына жету тек өзіңнің қолыңда!
Болар бәлкім сағың сынған бір күндер,
Мұң, ұйқысыз өтер тағы сол түндер.
Бар қайғының соңында бар қуаныш,
Осы сені алға қарай жетелер...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі