Бұл бетте «Бақыттың құсы еркелеп ұшса қонбастан» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бақыттың құсы еркелеп ұшса қонбастан,
Еш уайымдамай, өмірге нала салмастан,
Өмірдің нәрін сусындап жүрсең тоймастан,
Қуалап келер артыңнан бағың қоймастан.
Үмітің жансын, жұлдыздай ұзақ сөнбестен.
Түсіңде ғана ойыңдағыңмен кездессең,
Иекті көтер, құлатса арман көнбестен.
Өңіңде талпын, қате емес қылсаң білместен.
Үндемей қалма, қолайлы сәтті берместен.
Сезімге сақ бол, сағымдай кетпес сезбестен.
Танылмас тылсым, тауларын оның кезбестен.
Табылмас бақыт сыңына шыдап төзбестен.
Құралмас бағың бөлшектен жинап терместен.
©Кабанбаев Е. 15.03.2022
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі