Тайқазан – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Тайқазан» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жатыр үнсіз жабырқау қайран далам-ай,
Жатыр үнсіз пайғамбар Сайрам бабам-ай!
Жатыр үнсіз сыр бұғып Ақсақ Темір де,
Отырарды гүл ғылып, сайрандаған-ай.

Қайырмасы:
Қалған талай жарқын із бар,
Қанға сіңген салтымыз бар,
Жақсылығын аямайтын
Кең жүректі халқымыз бар,
Өзгермейтін салтымыз бар.

Басымызда сан қилы тұрыпты күн-ай!
Бірін білмей өтіппіз, біліп бірін-ай!
Түркістанның дауысын шығарсам деймін,
Мұнараның басына шығып бүгін-ай!

Қайырмасы:

Қайта оралды киелі тай қазаным-ай!
Тай қазаным әкелді бойға жалын-ай!
Яссауидің еңсесі көтерілді ғой,
Қуанбайды мұндайда қай қазағым-ай!

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері