Құтты болсын құрбан айт! – Нұрлан қажы Тотанов

Бұл бетте «Құтты болсын құрбан айт!» атты Нұрлан қажы Тотанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Шалынып бүгін құрбандық,
Алланы және еске алдық.
Арқасында Алланың,
Бұл күнге де кеп қалдық.

Шүкір де соған тірісің,
Құлдардың сен де бірісің.
Үмітің болса бейіштен,
Иманды болсын жүрісің.

Құтты болып айтың,
Құранмен тілді байтың.
Ендеше жығыл намазға,
Иманды болсын мәйітің.

Намазға жығыл ерінбе,
Парызың ғой сенің де.
Алланың жаман қаһары,
Бейнамаз боп көмілме.

Бұл өмірің тек сынақ,
Бары-жоғы бес күн-ақ.
О, дүниеде бұйырсын,
Сағанда досым бір жұмақ.

Іштің-жедің харамды,
Тазартқын енді санаңды.
Қорыққын енді Алладан,
Гөрдің іші қараңғы.

Тыя біл енді нәпсіңді,
Қолыңа ал тәспіңді.
Аллаға жақын адам бол,
Күнәңді тоқтат әр күнгі.

Ақылым емес бұл саған,
Жай ғана сөзім жолдаған.
Аллаға жақын болсайшы,
Арманың көп қой аңсаған.

Жолама тегі харамға,
Көріп тұр оны балаң да.
Нәпсіңнің құлы болғанша,
Алладан қорқып алаңда.

Бізде де болды көп күнә,
Болмайды пенде бей күнә.
Қанша жыл өтті бекер бос,
Қарашы жайлап артыңа.

Дайындал енді О жаққа,
Кіремін десең жұмаққа.
Иманды болып өткен жөн,
Имансыздар тозақта.

Айтты деме көп ақыл,
Жас емессің сен ақыр.
Бәрін тастап бүгіннен,
Намаз оқып тоба қыл.

Қате болса сөзімде,
Таңдауың бірақ өзіңде.
Ешқандай сезім жетпейді,
Намаздағы сезімге.

Айттым қойдым досым деп,
Аллаға жақын болсын деп.
Мені де Алла жаратқан,
Осылай сауап алсын деп.

Құтты болсын және бір,
Бүгінгі құрбан айтың.
Белгісіз қалған ғұмырды,
Имандылықпен байтың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құтты болсын құрбан айт! өлеңінің авторы кім?

Нұрлан қажы Тотанов — осы өлеңнің авторы.

Құтты болсын құрбан айт! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құтты болсын құрбан айт! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрлан қажы Тотанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құтты болсын құрбан айт! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері