Сұлу Көкше

Бұл бетте «Сұлу Көкше» атты Ақанжан Келімбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.10.2019
  • 0
  • 0
  • 3645
Көк күмбез, көгілдір тау, көкте Көкше,
Көк тастан баспалдағы текше-текше.
Жаныңды жадыратқан саф ауасы,
Ерекше жер жаннаты Көкше емес пе?

Қазақтың жер сұлуы Көкше деген,
Табиғат әдейі арнап кестелеген.
Салқын су, әтір шашқан түрлі гүлдер,
Сақталар жан саяңда есте кілең.

Бурабай сексен көлдің ортасында,
Қылтиып қыран отыр қыр басында.
Жан-жағы көмкерілген жасыл желек,
Керіліп кер маралы тұр қасында.

Сыңсыған тау етегі биші қайың,
Көз тартқан көркемдігі келген сайын.
Көтеріп көңіліңді сергітеді –
Аңқытып түрлі гүлдер иіс майын.

Көк аспан – көк шатыры төңкерілген,
Көк шалғын – алтын зері көмкерілген.
Манаурап Көкше жатыр тәтті ұйқыда,
Көк тастар – күзетшісі семсер ілген.

Күн шығып нұрын шашып елжіреді,
Төбеде шуда бұлттар селдіреді.
Желпісе тау самалы Көкше бетін,
Басында жібек шәлі желбірейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұлу Көкше өлеңінің авторы кім?

Ақанжан Келімбетов — осы өлеңнің авторы.

Сұлу Көкше өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұлу Көкше өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақанжан Келімбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұлу Көкше өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар