Ой туралы сергелдең – gulnurkokan

Бұл бетте «Ой туралы сергелдең» атты gulnurkokan жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тәкәппар ойым кептелді менің
Тәуелді болып кеткенді реңің
Мың ойларыма үстемдік жасап,
Соңына қойдым леп белгілерін.!!

Ауа-райындай суық шығармын.
Түсініксіз бір қылық шығардым.
Ойымнан сені бейкүнә ойлар,
Төзімім бітсе қуып шығармын..

Түнек түсімнің шырқын ап тұрып,
Қоясың өзің шырқын арттырып
Өзімнен кейде таппаймын сені
Шыныдай ойым шытынап тұрып..

Бостандық берсем басынатындай
Тәуелді етсем басылатындай..
Тәкәппар қиял әйтпесе мені
Жұрт көзінен кеп жасыратындай.

Лақтырып ойды көрінген тасқа
Санамды менің көруден баста
Ойымда қазір ештеңе жоқ қой,
Ойыма сені көмуден басқа..

Тәкәппар ойым кептелді менің
Тәуелді болып кеткенді реңің
Мың ойларыма үстемдік жасап,
Соңына қойдым леп белгілерін.!!

Гүлнұр Қоқан


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар