Ұлы сезім – nkartbayeva

Бұл бетте «Ұлы сезім» атты nkartbayeva жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзіңізді теңейтін ем ұлы ханға,
Басқарған Алтын Орда, жары бар да.
Мені де ұқсатыпсыз сондай ханның,
Тағдыр қосқан қосағы, жан жарына.

Жаз болмайды сарқыраған бұлағынсыз,
Күз де болмас алтын түстес жапырағынсыз.
Қыс болсын ба әппақ, мамық суық қарсыз?
Көктем болмас бәйшешек, күн нұрынсыз.

Құдіретті Тәңірдің жаратқаны,
Қос-қос етіп, байланыс орнатқаны.
Тірі жанға жараспайтын бұл жалғыздық,
Сіз бен бізге тіпті мүлдем жараспайды.

Махаббат-ұлы сезім, Орда ханы,
Ғашық болу-ұлылықтың ұлағаты.
Ақылыммен жүректің шайқасында,
Жеңер әркез жүрегімнің шапағаты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлы сезім өлеңінің авторы кім?

nkartbayeva — осы өлеңнің авторы.

Ұлы сезім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлы сезім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде nkartbayeva өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлы сезім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар