Күннің батуы

Бұл бетте «Күннің батуы» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Генрих Гейнеден)
Толқындаған дарияға
Қызарып оттай күн батар.
Жұқа, ақшыл бұлттар
Құрмет қып оны ұзатар.
Қарсыда, қара бұлттан
Қайғылы аппақ туар Ай.
Тұманды көкте жыбырлар
Жұлдыздар ұсақ ұшқындай.
Баяғы ерте заманда
Бұларда артық бақ болған.
Ай әйел боп, Күн - ері,
Толықсып тұрған шақ болған.
Нұрлары балқып екеуі
Қосылысқан бір мезгіл.
Айнала жұлдыз - балалары -
Жайнаған өңшең алмас гүл.
Жайнатып бақытын қоймаған,
Өтірік, өсек жайылған.
Көрместей ғып бір-бірін,
Дұшпан қып бұларды айырған.
Осы күнде тәкаппар
Күн көкте жалғыз жайнайды.
Сәулесіне алтын мәз болып,
Күн ұзын көкте ойнайды.
Бақыты мол адамдар,
Көрмеген қасірет жамылып,
Оған еш зат тең келмес,
Тәңірі қып хатта табынып.
Түн болса, аппақ қайғылы
Қорқып қана Ай туар.
Апалап ерген артында
Балалары - жетім жұлдыздар.
Бақытсыз, жанған жас қыздар
Қайғыда оны ес көрер:
Мұңын жырлап аулақта,
Ащы, ыстық жас төгер.
Айнымас әйел көңілмен,
Айбынды Күн күйеуін -
Ұмытқан жоқ Ай сорлы
Әлі күнге сүюін.
Кешкі мезгіл көп уақыт
Дірілдер, қорқар, ағарар.
Жұқа бір бұлт астынан
Батқан Күнге ол қарар.
Жүрегі жанып мұңайып,
Көзінен Күнді батырад.
Айтатындай өтініп:
«Тоқта!- деп,- балалар шақырад».
Тәкаппар Күн қарамас
Мұңды Айдың түсіне.
Онан жаман қызарар,
Ашу сыймай ішіне.
Айыпсыз Айға қарамай,
Жатары барып тұл төсек.
Күн мен де Айды айырған
He қылмас дейсің бұл өсек!


Пікірлер (2)

nurta

Керемет

Айсана

Мағжан Жұмабаев
Күннің батуы - супер

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күннің батуы өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

Күннің батуы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күннің батуы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағжан Жұмабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күннің батуы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері