Өлең, жыр, ақындар

Тастанды баланың зары

Ана жаным, бұл қалай жасағаның?
Неге сонша қатты еді тастан жаның?
Өзіңнің ертеңіңді ойлаймын деп,
Қалай болды қоқысқа тастағаның?
Ауырмады-ау көзімдегі жасқа жаның.

Ана жаным, бауыр етің балаңмын, тастамағың,
Уызыңнын дәмін алсын ақ тамағым.
Жүрегіңіз мұздан да суық па еді?
Ұмытардай қаһарын хаһ Алланың.

Ана жан-ау, мына өмірді несіне сыйға бердің?
Маматайын ембесе мынау ерін.
Босағаңнан бір орын бұйырмады-ау,
Құрсағыңа тоғыз ай сыйған едім.
Тірі өлік боп қоқыста қалар болсаң,
Айтшы, мама, өмірге неге әкелдің?

Ана жаным, жасадың неге айуандық?
Болмас едім өзіңе тым ауыр жүк.
«Жатырда емес, жерде адам қандай?»- деуші ем,
Көрсеттің адамзатты хайуандай ғып.

Маматай-ау, осыма еді зор бағың?
Өмірге келе сала қорладың.
Каропканы пана етіп тастап кеттің,
Тоғыз ай болсаң-дағы қорғаным.
Асыл анам мынадай жасап жатса,
Мерейін не қылмақпын басқалардың?

Адамдар, мейір кеткен жүректерден,
Қасиетің қалмапты-ау адам деген.
Өз баласын жан беріп қорғайтұғын,
Артық болып барады хайуан бізден.
Санамыз неге сонша төмендеген?
Аналар-ау осынша без бүйрек пе ең?
Көкек мама көбейіп бара жатыр,
Жүрегі тар, болса-дағы құрсағы кең,
Санасы бар болғанмен, ақылы кем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз